Вестник ЕНУ имени Л.Н. Гумилева. Биологическая серия. 2022; 138: 6-16
Использование метода моделей при исследовании популяции микроорганизмов
Мукушев Б. , Киян В. , Мырзагалиева А. , Мукушев А. , Турлыбек Н.
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2022-138-1-6-16Аннотация
Мақала микроағзалардың популяциясын математикалық және компьютерлік модельдермен зерттеу мәселесіне арналған. Биологиялық кинетика заңдары негізінде бірнеше математикалық модельдер құрылып, осы модельдер көмегімен компьютерлік эксперименттер жасалған. Биомассаның әр түрлі параметрлерге сәйкес өзгеру құбылысын сипаттайтын Мальтус заңы, Ферхюльст және Моно теңдеулері негізінде ішек таяқшасының (Escherichia coli) популяциясы зерттелді. Микроағзалар мен субстраттардың өзара тәуелділігі заңдылықтарын сипаттайтын дифференциалдық теңдеулердің графиктік шешімдері Mathcad пакеті көмегімен табылды. Микроағзалар популяциясының математикалық модельдерінің табиғи популяция мәліметтерімен қаншалықты сәйкес келетінін зертханалық жағдайда тексерілді. Су ортасында«продуцент - консумент» жүйесі хлорелла және парамеция (Chlorella vulgaris – Paramecium caudatum) көмегімен жасалды. Продуцент ретінде хлорелла, ал консумент ретінде парамация алынды. Зерттеушілер хлорелланы (балдырдың бір түрі) алу үшін Тамий ортасын пайдаланды, ал парамецияны өсіруге Лозин-Лозинский ортасы қолданылды. Балдырдың су ортасындағы санын анықтау үшін Горяев камерасы, ал бактерияның санын анықтау үшін - Богоров камерасы пайдаланылды. Микроағзалар популяциясын сипаттайтын теңдеулердің компьютерлік шешімдерімен жасалған эксперименттердің нәтижелері сәйкес келді. Бұл сәйкестік популяцияның математикалық моделі микроағзалар санының өзгеру динамикасын нақты сипаттайтынын дәлелдеп отыр.
BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. BIOSCIENCE Series. 2022; 138: 6-16
Использование метода моделей при исследовании популяции микроорганизмов
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2022-138-1-6-16Abstract
Мақала микроағзалардың популяциясын математикалық және компьютерлік модельдермен зерттеу мәселесіне арналған. Биологиялық кинетика заңдары негізінде бірнеше математикалық модельдер құрылып, осы модельдер көмегімен компьютерлік эксперименттер жасалған. Биомассаның әр түрлі параметрлерге сәйкес өзгеру құбылысын сипаттайтын Мальтус заңы, Ферхюльст және Моно теңдеулері негізінде ішек таяқшасының (Escherichia coli) популяциясы зерттелді. Микроағзалар мен субстраттардың өзара тәуелділігі заңдылықтарын сипаттайтын дифференциалдық теңдеулердің графиктік шешімдері Mathcad пакеті көмегімен табылды. Микроағзалар популяциясының математикалық модельдерінің табиғи популяция мәліметтерімен қаншалықты сәйкес келетінін зертханалық жағдайда тексерілді. Су ортасында«продуцент - консумент» жүйесі хлорелла және парамеция (Chlorella vulgaris – Paramecium caudatum) көмегімен жасалды. Продуцент ретінде хлорелла, ал консумент ретінде парамация алынды. Зерттеушілер хлорелланы (балдырдың бір түрі) алу үшін Тамий ортасын пайдаланды, ал парамецияны өсіруге Лозин-Лозинский ортасы қолданылды. Балдырдың су ортасындағы санын анықтау үшін Горяев камерасы, ал бактерияның санын анықтау үшін - Богоров камерасы пайдаланылды. Микроағзалар популяциясын сипаттайтын теңдеулердің компьютерлік шешімдерімен жасалған эксперименттердің нәтижелері сәйкес келді. Бұл сәйкестік популяцияның математикалық моделі микроағзалар санының өзгеру динамикасын нақты сипаттайтынын дәлелдеп отыр.
События
-
К платформе Elpub присоединился журнал «Научный журнал «Экономические системы» >>>
10 дек 2025 | 11:58 -
Журнал «Известия высших учебных заведений: Нефть и газ» принят в DOAJ >>>
9 дек 2025 | 11:58 -
К платформе Elpub присоединился журнал «Амурский медицинский журнал» >>>
26 ноя 2025 | 13:19 -
К платформе Elpub присоединился журнал «Актуальные вопросы лесного хозяйства» >>>
20 ноя 2025 | 13:18 -
Журнал «Вестник Самарского государственного экономического университета» теперь на Elpub >>>
11 ноя 2025 | 14:28
